RU
ҰҚК экс-қызметкері Тәтішевтің өліміне қатысты құпияны жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

ҰҚК экс-қызметкері Тәтішевтің өліміне қатысты құпияны жайып салды

Рассказать Вконтакте

Мұратхан Тоқмәди сотында тағы да жаңа мәлімет. Мұхтар Әблязовтың тапсырмасымен өлтірілді делінген банкир Тәтішевтің телефонын Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің экс-төрағасы Нартай Дүтбаев тыңдатып отырған. Мұны куәгерлердің бірі жария етті деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

ҰҚК экс-қызметкері Тәтішевтің өліміне қатысты тың ақпарат берді

ҰҚК экс-қызметкері Тәтішевтің өліміне қатысты тың ақпарат берді

Яғни құпия қызметтің басшысы марқұм Ержан Тәтішевтің әрбір сөзін електен өткізіп отырған.

Куәгер Олег Репниковтің айтуынша, Дүтбаев банкирдің кіммен қалай, не жайында сөйлескенін жазып отыруды қатаң тапсырған.

«Банкир» деп аталған операция аясында тек Ержанның өзі ғана емес, отбасы да түгел бақылауда болыпты. Дүтбаев үй сыртында отырып тыңдауды Ержан қаза тапқан соң да тоқтатпапты. Тіпті күшейтуге пәрмен берген.

Осылайша, Тоқмәди сотында біраз лауазымды адамдардың аты аталар түрі бар.

Айта кетейік, әу баста куәгерлердің тізімі 140- а жуық болса, кейін ол 78-ге қысқартылған еді.

Ал бүгін бастығының былығын ашқан Репников өзі де бұрын істі болған. Қызметін асыра пайдаланғаны үшін төрт жыл жаза арқалаған ол рақымшылыққа ілігіп жазасының жартысын ғана өтепті.

"Маған Дүтбаев Тәтішевтің телефонын тыңдауға бұйрық берді. Бұл 2004 жыл еді. Кабинетіне шақырып алып айтқан тапсырмасын дереу Алматыдағы 8-ші басқармаға жүктедім. Сөйтіп Тәтішевтің әр айтқан сөзі бақылауға алынды. Ал ақпараттар маған түсіп отырды. Мен оны қағазға басып, сосын конвертке салып, төрағаның «жеке өзіне» деген белгімен қабылдау бөліміне жеткізіп отырдым", - деді Олег Репников.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
3
2
12
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel