RU
Бұрынғы жауынгер қарияны өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар Әлемде

Бұрынғы жауынгер қарияны өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы әскери жауынгер Александр Палмер итімен серуендеп жүрген қарияны бауыздап өлтіргені үшін өмірінің соңғы күндерін енді темір тордың ар жағында өткізеді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Тергеу барысында белгілі болғандай 24 жастағы қылмыскер серуендеп жүрген Питер Райтонға 31 пышақ жарақатын жасаған. Сәйкесінше зейнетке шыққан 83 жастағы инженер мойнына жасалған тоғыз жарақаты мен кеудесіне бағытталған 22 пышақ жарақатынан оқиға орнында мерт болған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Полицейлердің айтуынша марқұмның басы денесінен бөлек жатқан. Бастапқыда олар адамды жабайы аң өлтіріп кетті деген тұжырым жасаған көрінеді. Алайда полиция бөліміне Александр Палмердің психологы келіп оның адам шошырлық ауытқулары барын ашып салады.Оның айтуынша қылмыскердің ішінде кішкентай Алекс өмір сүреді. Және де ол иттерді өлтіруге иетрмелейді-мыс.

Ең қызығы - Александрдың қарияны өлтіргеннен кейін үйіне барып түк болмағандай сэлфи жасауы. Қылмыскердің кінәсі рассталып енді ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір