RU
Алматыда үйсіз жүрген ана алты жылдан бері перзентін бір көруге зар болған
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда үйсіз жүрген ана алты жылдан бері перзентін бір көруге зар болған

Рассказать Вконтакте

Алматылық Айжан Әжібекова 6 жылдан астам уақыт бойы туған ұлын көре алмай, зар илеп жүр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда үй-күйсіз жүрген ана 6 жылдан астам уақыт бойы перзентімен көрісе алмай зар илеп жүр

Алматыда үй-күйсіз жүрген ана 6 жылдан астам уақыт бойы перзентімен көрісе алмай зар илеп жүр

Алматылық Айжан Әжібекова дүниеге ұлын әкеле салысымен, шаранасынан қол үзіп қалған. Айтуынша, келіншектің барар жер, басар тауы болмаған соң, ұлының әкесі оны Шымкентке алып кеткен.Алғашында қаладағы дүңгіршектердің бірін пана қылған ана, қазір шаһардағы әлеуметтік бейімдеу орталығын осымен үш жыл қатарынан баспана етіп келеді.

Алматыда үй-күйсіз жүрген ана 6 жылдан астам уақыт бойы перзентімен көрісе алмай зар илеп жүр

Алматыда үй-күйсіз жүрген ана 6 жылдан астам уақыт бойы перзентімен көрісе алмай зар илеп жүр

«Дүңгіршекті анам – Ұлдана Әжібекова мен сіңілім үшеуміз паналап келдік. Кезінде оны анамыз бар-жоғы 50 000 теңгеге сатып алған еді. Бірінші сіңілім Эльмира босанды, кейін мен өмірге ұл әкелдім. Оның өзін орта жастан асқанда дүниеге әкелдім. Ұлым менің жалғыз тірегім, одан басқа перзентім де жоқ. Күнде түсіме кіреді, ана жүрегім онымен бірге болса екен дейді»,-деп егіле жылады алматылық тұрғын.

Перзентханадан шыққаннан кейін, тағдыры қиын келіншекті, көлік қағып кетіп, оған күрделі ота жасалған. Әкесі дәл сол уақытты пайдаланып, ұлы Тұрсынбекті Шымкентке әкеткен. Онымен қоса, келіншекте жеке төлқұжаты да жоқ екен. Сол себепті, амалы таусылған ана әлі күнге дейін Шымкенте жете алмай, мардымды жұмыс та таба алмай жүр.

«Қазір бастысы жеке куәлікке қол жеткізу болып тұр. Бірақ, ол қиынға соғып тұр, себебі, куәлікті келіншек осымен 3 рет жоғалтқан. Сондай-ақ, оның мойнында бүгінгі күні 16500 теңге көлеміндегі айыппұл да бар»,-дейді бейімдеу орталығы директорының орынбасары Светлана Нұрмұратова.

Айдың күннің аманында ұлынан қол үзіп қалған келіншектің жақындары да жоқ, анасы осыдан 4 жыл бұрын көз жұмса, сіңілісін психиатриялық ауруханаға жатқызып, оның баласын жетімдер үйіне өткізіп жіберген. Ал, осыдан бірнеше жыл бұрын, баспана береміз деп сендірген шенділердің уәдесі де құр сөз күйінде қалған.

Қазір Айжанның тек бір ғана арманы бар. Тездетіп төлқұжатын рәсімдеп, жұмысқа тұрып, ұлын тым құрыса бір рет көрсем дейді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
8
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір