RU
Маңғыстауда қаза тапқан 6 азамат өзбекстандық болып шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Маңғыстауда қаза тапқан 6 азамат өзбекстандық болып шықты

Рассказать Вконтакте

«Ақтау-Бейнеу» автожолында қаза болған 7 адамның алтауы Өзбекстан азаматтары болып шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Маңғыстауда қаза тапқан 6 азамат өзбекстандық болып шықты

Маңғыстауда қаза тапқан 6 азамат өзбекстандық болып шықты

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 наурыз күні «Ақтау-Бейнеу» автожолында «Shacman» маркалы жүк көлігі мен «LADA Largus» соқтығысып, cалдарынан жеңіл көлікте болған 6 жолаушы мен оның жүргізушісі оқиға орнында қаза болған еді.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, мерт болғандардың алтауы сол елдің азаматтары болып табылады.

«Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен түскен ақпаратқа сәйкес, 1 наурыз күні сағат 06.00-де Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында, «Ақтау-Бейнеу» күре жолында Ақтау қаласы - Бейнеу ауданы бағыты бойынша бет алған мемлекеттік нөмірі 90 S 830 JA «LADA Largus» пен мемлекеттік нөмірі 737 DPA/12 «Shacman» жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан өрт болып, алдын ала мәлімет бойынша 7 адам қаза болды. Олардың алтауы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып табылады. Аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген Елшілік ақпаратында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
4
13
4
10
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір