RU
Мейрамхана қонақтары тапсырысты ұзақ күткені үшін даяшыны соққыға жықты
Жаңалықтар Әлемде

Мейрамхана қонақтары тапсырысты ұзақ күткені үшін даяшыны соққыға жықты

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы Хэнъян қаласына қарасты Хунань провинциясында мейрамхана қонақтары даяршы қызға өз наразылықтарын білдіріп, соққының астына алған. Олардыңашуға мінуіне даяшының тапсырыстарды тым ұзақ күттіріп қоюы себеп болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dailymail.co.uk

Фото: dailymail.co.uk

Белгілі болғандай мейрамхана қызметшісі қонақтарды сәл күте тұруын өтініп, сабырлық танытуға шақырған. Алайда наразы көпшілік даяршы қызды мүлдем елемеді.

Алдымен бойжеткенге ержігіт соққыларын жаудырған, оның артынан ілескен әйел даяршы қыздың шашын жұлып, басына бірнеше соққы жасаған.

Сонымен қатар, қалған оқиға куәгерлері даяшыны қорғап қалғысы келмей керісінше үстел үстіндегі ыдыстарды қызға бағыттай лақтырыпты.
Фото: dailymail.co.uk

Фото: dailymail.co.uk

Абырой болғанда, зардап шеккен қыз күрделі жарақат алмаған. Қазіргі таңда бұл оқиғамен полиция қызметкерлері айналысып жатыр. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, топтық соққының басты белсендісі ұсталып, енді жауапкершілікке міндетті түрде тартылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel