RU
Шахтинскіде сүйіктісінен айырылған қыз артынша бес күннен соң көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Шахтинскіде сүйіктісінен айырылған қыз артынша бес күннен соң көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Шахтинск қаласы маңындағы елдімекенде болған төтенше жағдай барысында зардап шеккен Анна Шилина көктемнің алғашқы күні қайтыс болды. Еріктілер оның жерлеу рәсіміне қаражат жинап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Өрттен зардап шеккен бойжеткен сүйіктісінен кейін бес күннен соң өзі де көз жұмды

Өрттен зардап шеккен бойжеткен сүйіктісінен кейін бес күннен соң өзі де көз жұмды
Source: UGC

Анна өзінің сүйіктісі Даниил Ефимов өлімінен кейін араға бес күн салып өзі де көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша, денелерін аса ауыр күйік шалған ғашықтардың жағдайы онсыз да нашар болған.

Облыстық денсаулық сақтау мекемесінің мәлімдеуінше, бойжеткен кеше кешке қайтыс болған. "Дәрігерлер қолынан келгенін жасады", - дейді денсаулық сақтау мекемесінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда еріктілер Аннаның жерлеу рәсіміне қаражат жинап жатыр. Себебі қыздың отбасы үлкен материалдық проблемаларға тап болған.

Еске сала кетейік 19 ақпан күні Северо-Западный елді мекенінде тұрғын үйде өрт орын алып нәтижесінде екі адам қатты зардап шеккен. Алайда дәрігерлер екеуінің де өмірін сақтай алмады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
4
3
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel