RU
Америкалықтар Ресей ойлап тапқан жойғыш қаруға күлкілі ат қойып берді
Жаңалықтар Әлемде

Америкалықтар Ресей ойлап тапқан жойғыш қаруға күлкілі ат қойып берді

Рассказать Вконтакте

Америкалықтар Ресей ойлап тапқан жойғыш қаруды күлкіге айналдырды. Олар қаруды «Меланияның кеудесі» деп атауды ұсынған. Бұл жайында lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оружие. Фото: lenta.ru

Оружие. Фото: lenta.ru

Twitter желісінің қолданушылары Ресей елшілігінің Вашингтоннан жаңа қаруға есім беру туралы өтінішін мазаққа айналдырған. Олар Ресей елшілігіне жаңа қаруға «Меланияның кеудесі» деген атауды ұсынған. Ал себебін, кеуде де «қару секілді жалған» деп жауаппен түсіндірген.

Сондай-ақ тізімде «Трамп» деген ұсыныс та бар. Бұл пікірді ұсынған азамат өз атауының қойылу себебін «Ол сарғыш. Сіздерге тиесілі, әрі қалаған дүниесін қирата алады» деп түсіндірген.

Айта кететіні, Ресейдің қорғаныс министрлігі өздерінің ресми парақшаларында жойқын қаруға жаңа ат таңдау үшін, арнайы бөлімше ашып қойған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
4
0
0
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel