RU
ОҚО-да үш млн тұратын әжетхананы салтанатпен ашқан әкім парамен ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да үш млн тұратын әжетхананы салтанатпен ашқан әкім парамен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев кабинетінде пара алу кезінде ұсталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-да әжетхананы салтанатты түрде ашқан әкім парамен ұсталып қалды

ОҚО-да әжетхананы салтанатты түрде ашқан әкім парамен ұсталып қалды

Мақтаарал аудандық сотының бас маманы Талғат Шахитдиновтің айтуынша, Жетісай басшысына 20 ақпан күні санкция берілген.

«Байдуалы Базарбаев қызметтік кабинетінде 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілікті. 13 млн 500 мың теңге тұратын жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, кепілмен шықты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр»,-деді аудандық сот өкілі.

Естеріңізде болса, Жетісай әкімі бұл қызметке 2015 жылы тағайындалған. Ол өткен жылы қалада салынған құны 3 млн теңгеден асатын қоғамдық әжетханалардың бірінің ашылуына қатысамен деп Қазнет жұлдызына айналған еді.

Сіздің реакцияңыз
7
2
9
1
4
11
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel