RU
Сүйегі әлі күнге дейін қатаймаған ақтаулық жеткіншек жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Сүйегі әлі күнге дейін қатаймаған ақтаулық жеткіншек жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

14 жасар ақтаулық Нұрболат Ғабдуллин тірексіз бір қадам да жасай алмайды. Оның сүйектері сынғыш келгендіктен тіпті қарапайым ойындарымен әуестенуге мүмкіндігі жоқ. Себебі жеткіншекі "жетілмеген остеогенез" атты сирек генетикалық ауруға шалдыққан деп хабарлайды "Лада" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Нұрболат Маңғыстау облысы бойынша мұндай диагнозы бар жалғыз бала. Алайда ерекше ауру оның үздік оқуына және өз болашағын армандауға кедергі туғызбайды. "Жетілмеген остеогенез" кесірінен Нұрболат құлап қалған жағдайда сүйектері сынып кетуі әбден мүмкін.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

14 жасына дейін боз бала беске жуық сүйек жарақаты мен бірнеше отаны басынан өткерді. Баланың ата-анасының айтуынша, бұл аурудың алғашқы белгілері оның кішкентай кезінде көрініс тапқан. Екі жасында Нұрболат алғаш рет аяғын сындырып алған.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Бастапқыда дәрігерлердің бәрі алаңдауға ешбір негіз жоқ деп сендірді дейді анасы.

Алайда келесі құлау нәтижесінде тағы да сүйектері зақымдалған Нұрболатта фобия пайда болды. Ол енді тірексіз жүруге қорқақтайтын болды.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Жергілікті дәрігерлер оған "Кокса вальга" диагнозын қойса, ресейлік мамандар "жетілмеген остеогенез" деген нақты диагнозын айтқан. Сәйкесінше балаға мүгедеттік рәсімделген.

Мамандардың айтуынша, бұл аурудың емі әлі күнге дейін жоқ дегенмен оны тұрақтылықта ұстап тұратын терапия қарастырылған.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Күнде таңертен Нұрболат велотренажермен тиісті жаттығуларды орындауды әдетке айналдырған.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Бала үйде отырып білім алу режиміне ауысқан. Онымен сабақ орындауға күнделікті мұғалім келіп тұрады.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Нұрболат қазірден бастап болашақта кім болғысы келетінін біледі. Программист болуды армандайтын бала Мәскеудегі Бауман атындағы білім ордасына түскісі келеді. Мектеп мұғалімдері де облыстық олимпиада жеңімпазы Нұрболаттың мүмкіндіктерін жоғары бағалайды.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Нұрболат Габдуллин – Қазақстандағы "жетілмеген остеогенез" ауруына шалдыққан 22 жасөспірімнің бірі. Үлкендер мен балаларды қосқанда мұндай диагнозы бар адам саны елімізде 155-ге жеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel