RU
Белгілі журналист шоу-бизнесте Байзақовалардың толып жүргенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі журналист шоу-бизнесте Байзақовалардың толып жүргенін айтты

Рассказать Вконтакте

Белгілі тележүргізуші, қаламы қарымды журналист Мәди Манатбек көп жылдан бері телеарна төрінен көрінбей кеткені баршаға мәлім. Бір жылдары «Қазақстан», «Хабар» сияқты мемлекеттік арналарда эфир тізгінін ұстаған тележүргізушінің телевизиядан кетуіне не себеп болды?Аталған сауалдарға жауап алу мақсатында, NUR.KZ тілшісі журналистпен тілдесіп қайтты.

Белгілі журналист шоу-бизнесте Байзақовалардың толып жүргенін айтты

Белгілі журналист шоу-бизнесте Байзақовалардың толып жүргенін айтты

-Мәди Манатбекұлы, Сіз, ең алдымен, республикалық телеарналардың жаңалықтар жүргізушісі ретінде ел есінде қалдыңыз. Бүгінде телевизия саласынан алшақтап кеткеніңізге біршама уақыт өтті. Себебі неде?

Иә, дұрыс айтасыз, көп жылдар бойы телеарнада еңбек еттім, көрерменнің көз алдында жүрдім. Өзіңіз де осы салада жүрсіз, білетін шығарсыз, жүргізуші, журналист болсаңыз тек бір салаға, яғни, эфир мен сюжетке ғана жауаптысыз. Ал, мен өзімнің ұйымдастырушылық, продюсерлік, менеджерлік қырларымды ашқым келді, сондықтан өзім «жұлдыз» болмай, жас қыз-жігіттерге өз білгенімді үйретейін деген себеппен телеарнадағы қызметімнен кеттім. Қазір «эфирді сағынбайсыз ба?» деген сауалдар жиі қойылады, айтарым - жоқ, сағынбаймын.

-Сізді көпшілік тік мінезді, шыншыл, ұлтжанды адам ретінде таниды. Сондай-ақ, сол кездері арна басшыларымен сіздің ұстанымыңыз әр түрлі болды деген әңгімелер де жүрді... Бәлкім, арнадан кетуіңізге осы мінезіңіз себепкер болған шығар?

Иә, сол кезде көзқарасымыз бірдей болмады, себебі мен ұлттық бағытты ұстанатындардың қатарынанмын. Бұл, әрине, басшылық «сыйдыртпады» дегенді білдірмейді, өйткені, сол уақытта менің басшыларыма да олардың басшылығы тарапынан ұлттық бағытқа қарсы талап қойылды. Ондайды өз басым жақсы түсінемін және ешқашан да жұмысқа жабысып қалған емеспін, сондықтан өз еркіммен, өтінішімді жазып кеттім. Қазір ойлап қарасам, сол тұстағы басшыларға деген еш ренішім жоқ, керісінше, осы жағдайдың басымнан өткеніне разымын, құдайға шүкір деп айтамын. Себебі, сол кезде маған қысым көрсетіп, жұмыссыз қалмасам, өзімнің кәсібімді ашпас едім. Бұрынғысынша журналист, жұлдыз болып жүре беретін едім. Ал, өмірдің мәні - эфирге шығып жұлдыз болу емес қой? Телеарнадан кеттім екен деп, қол қусырып бос отырған жоқпын. Жеке компания басқардым. Қазір айтарым, ешкімге өкпелі емеспін, «өз қолыңды өзің кескеннен пайда жоқ», бәрі сол қалпында қалсын деп қоя салдым.
Байзақовалар эстарадада толып жүр: белгілі журналист жартылай жалаңаш күйде сахна шығатын әншілерді сынады

Байзақовалар эстарадада толып жүр: белгілі журналист жартылай жалаңаш күйде сахна шығатын әншілерді сынады

-Қазір «Қазақ радиолары» ЖШС-ін басқарып отырсыз. Өткенде «Шалқар» және «Қазақ радиосы» басшылығына Назира Бердалы, Қалқаман Сарин сияқты ақындарды алып келдіңіз. Осыған байланысты белгілі журналистер әлеуметтік желілерде «басшылыққа ақындарды әкелді» деп сын айтып, пікір қалдырған еді. Осындай шешім қабылдауыңыздың себебі неде?

Ақынның да ақыны бар ғой. Бұл ақындар талантына масайрап, тойынып жүрген жандар емес, керісінше, олар қоғаммен етене араласып, мәселені ашық айта алатын, жер мәселесі болған кезде, жер сатылмасын деп шыққан, елге сүйкімі, қоғамдық пікірі бар ақындар, сондықтан осындай шешімге келдік. Әрине, шығармашылықтары бір төбе, ал қазір ұйымдастырушылық қабылеттерін ашып, дамыту үстінде, шүкір, Қалқаман да, Нәзира да алып кететініне сенімдімін. Әрі бұлар журналистикаға да бөтен емес. Қалқаман ұзақ уақыт телебағдарлама жүргізді. Нәзира ұлттық арнада басшылық қызметтерде болды. Сол себепті, қабылеті мол, тілге, елге жаны ашитын, ұлттық ұстанымы мықты адамдар әр салаға келуі тиіс деп ойлаймын.
Байзақовалар эстарадада толып жүр: белгілі журналист жартылай жалаңаш күйде сахна шығатын әншілерді сынады

Байзақовалар эстарадада толып жүр: белгілі журналист жартылай жалаңаш күйде сахна шығатын әншілерді сынады

-Сіздің ұлттық рух, тіл, дінге қатысты салмақты ой, өткір пікір айта алатын азамат екеніңізді баршаға аян. Қазіргі қоғамда жиі орын алып жатқан өзекті мәселелерге қатысты көзқарасыңызды да білсек деп едік. Мәселен, аралас неке, ана тіліміздің жай-күйі дегендей...

Аралас некеге келер болсам, шыны керек, идеологиялық тұрғыда қарсымын, бірақ бір-бірін шын сүйіп, ата-аналары келісімін беріп тұрған бірлі-екілі жағдайға түсіністікпен қарауға болады деп ойлаймын. Бір қызық айтайын, жақында ғана Әсел Сәдуақасованың «Қазаққа күйеуге шықпаудың 5 сыры» деген фильмі шықты. Комедиялық жанрдағы жеңіл туынды, қазіргі жастарға осы тақырыптағы кинотуындылар ұнайтын да шығар. Содан не керек, осы фильмді көруге бардық. Залда біздің жанымызда аталған киноны тамашалауға келген бір топ қыз отырды.
Сосын, әлгі фильмнің бас кейіпкер роліндегі бойжеткеннің французға тұрмысқа шықпайтын тұсына келдік. Залдағы өрімдей қыздар, «неге французға шықпадың, қазақтан не таптың» деген әңгімесін естіп, не күлерімді, не жыларымды білмедім. Қазақтың қыздарының аузынан осындай сөз шыққанына қарным ашты. Рухани тұрғыда жаңғыруымыз осы ма дедім. Бұл үлкен мәселе, қаракөздердің жаппай жат елге кетуіне қалай да жол бермеуіміз керек.
Сосын тағы бір мәселе айтайын, ел адасып, шатасып жүр дейміз ғой, ең алдымен, ел дегеніміздің өзі – ауылдың халқы емес пе? Бірақ қазақтың қай ауылын қарасаңыз да, сол бәз-баяғы қалпы, бір-бірімен қазақша сөйлесіп, той-домалағына жиі баратын, қаймана қазақ. Мәселен, құтырып той жасап, небір жұлдыздарды шақырып жүрген қай ауылдың тұрғынын көрдіңіз? Өзім де тойшыл адам емеспін, қызметімді пайдаланып, ешқашан әншілерді шақырған емеспін. Біздің жұлдызсымақтардың жарқырап-жайнап жүргені ауылдағы адамдардың емес, ақшасы бар, қалталы азаматтардың арқасы. Осы тұста менің айтайын дегенім, елді тіктейміз десек, ауылдан емес, биліктен бастап, министрлік, комитеттердің барлығына қазақша сөйлейтін, ұлттық рухпен сусындаған адамдар келуі тиіс деп есептеймін. Сонда ел өзінен-өзі түзелетін болады. Ал, қазір ел дүдәмал күйде, өзі қазақы, қазақ тілінде сөйлейді, бірақ оны басқаратын адамдар ондай емес. Қызығы, Кеңес Одағы тұсында қазақтар баласын орыс тілін білсе дейтін, себебі, онсыз нанын тауып жей алмайтын күйде еді. Ал, қазір тәуелсіз елміз ғой, 27 жыл болды, өкінішке орай, әлі күнге дейін солай, қазақтың тілі – «қазаққа керек емес» дегеннің кебін киіп келеді.Бұл мәселе ағылшын тіліне де қатысты болып отыр. Мысалы, егер мен ағылшын тілін үйренгім келмесе, неге мен оны мәжбүрлі түрде оқуым керек? Неге сол тілді білмегенім үшін, басқа адамдардан қысылып жүруім керек? Дұрыс, бірақ оны міндеттеу артық деп санаймын. Бірінші кезекте, міндеттегіш болса, қазақ тілін міндеттеп оқыту қажет деп есептеймін.
Байзақовалар эстарадада толып жүр: белгілі журналист жартылай жалаңаш күйде сахна шығатын әншілерді сынады

Байзақовалар эстарадада толып жүр: белгілі журналист жартылай жалаңаш күйде сахна шығатын әншілерді сынады

-Жақында ғана «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» фильміне қатысты ел пікірі екіге бөлінген еді. Осы орайда сіздің де ойыңызды білсек деп едік...

Бір өнімге бола барлық еңбекті жоққа шығармайтынымыз анық. Мысалы, кезінде «Қыз жібек» фильмін жұрт қалай сынады, ал қазіргі «Қыз Жібек» жайлы пікір қандай? Туынды – сұлулықтың, қазақылықтың символына айналды, солай ғой? Сондықтан, осы мәселеге бола, ұлттық арнаға күйе, жала жағуға болмайды.

-Ал, Төреғали Төреәлі мен Айжан Байзақова жөнінде не айтасыз?

Төреғалидың мәселесі - тойынғандық деп ойлаймын, бір рет шатасып, шалыс басты. Соңынан кешірім де сұрады. Біреулер, «онысы өтірік, түрінен байқалмады» деп сөкті. Бірақ, оның ішіне үңіліп, жүрегін ұстап көрмедік. Ал, Байзақова жайлы айтсам, жалғыз ол емес, ондайлар көп қой. Бүкіл эстарадада толып жүр. Біздегі әнші-жұлдыздардың бәрі ашық-шашық күйінде сахнаға шығудан ұялмайтынын да, қымсынбайтынын да білеміз. Кейде, солардың ата-аналары, аға-бауырлары қайда қарап отыр деп ойлаймын... Ол енді қоғамды жайлап алған дерт, одан тез арада айығуымыз екіталай.

-Сұхбатымыздың соңында, өзіңіз басқарып отырған «Қазақ радиоларының» тыныс-тіршілігіне тоқтала кетсеңіз...

Ең әуелі, радионың атын өзгерттік. Бұрындары «Республикалық радио» деп аталса, қазіргі атауы – «Қазақ радиолары» ЖШС. Өзім телевизия маманы болғандықтан, бағдарламалардың шығу кестесін тыңдаушыға ыңғайлы етіп ретке келтірдік. Мысалы әлеуметтік бағдарламалар адамның қабылдауына ыңғайлы күндізгі 10-нан 12-ге дейін беріледі. Құр сөзбен емес, нақты іспен көмек көрсетейік деген мақсатпен ашылған «Жан жылуы», «Бармысың, бауырым?», «Ақ отау» сияқты бағдарламалар көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Мәселен, тек «Жан жылуы» радиохабары арқылы ғана, 10 айдың ішінде 33 миллион теңгеге жуық қаражат жинаппыз. Ол қаржымен біреуге ота жасалды, енді біреудің киім-кешегіне, үй тұрмысына қажетті заттар алынды.
Өздеріңіз білесіздер, күні кеше ғана Қазақ радиосының осы аталған үш әлеуметтік жобасы «Мың алғыс» атты қайырымдылық кешін өткізді. Кешке жиналған қауымның жанарына жас алмағаны жоқ. Себебі, бәріміз мейірімге, қайырымға зәруміз! Бұл концертті ұйымдастырудағы басты мақсатымыз 1 жасар Арман есімді балақайдың еміне қаражат жинау болатын. Концерт аяқталмай жатып-ақ, залдан екі кәсіпкер сахнаға көтеріліп, 2 млн. теңге ұсынды. Жәшікке түскен қаражатты қоса есептегенде, 2 млн 700 мың теңгені Арманның ата-анасының қолына ұстаттық.
Сонымен бірге, күн сайын эфирге шығатын «Өз сөзім» дейтін бағдарлама аштық. 10 минуттың ішінде күннің өзекті әрі түйткілді мәселелерін көтеруге тырысамыз. Мысалы, бағдарламаның өткен санында ШҚО әкімі Даниял Ахметовтың Голливудтың 3-4 санаттағы актерлерін әкелгенін сынадық. Неге елдің ақшасы шетелдің ешкімге керек болмай қалған актерларына жұмсалуы керек? Егер туризмді дамытамын десеңіздер, онда сол аймаққа баратын жолдарды жөндеңіздер, қонақүйлерді жаңартыңыздар, бағасын арзандатыңыздар деген талап қойдық. Ендігі мақсатымыз, радиодағы әр студияға төрт-бес камерадан қойып, ондағы көтерілген мәселелердің барлығын фэйсбук, инстаграм желілерінен, сайттан көрсету болып отыр. Сол сияқты радиобағдарламалардың телевизиялық нұсқасын «Отау ТВ» спутниктік жүйесіне енгізу туралы жоспарымыз бар.

-Әңгімеңізге рахмет!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
0
2
52
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір