RU
Атырауда жатақхана өртеніп, алты адам қайтыс болды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырауда жатақхана өртеніп, алты адам қайтыс болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін таңертең Атырауда жатақханада өрт шығып, алты жұмысшы қаза тауып, төрт адам зардап шеккен деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға Атыраудан 42 шақырым қашықтықта Қарабатандағы "Karabatan Utility Solutions" ЖШС "Газ турбинасы электр станциясының" құрылыс алаңы нысанында болған.

Өрт алаңы 500 шаршы метр құраған.

Өрт кезінде вахталық қалашық аумағындағы контейнер түріндегі жатақханада шамамен 20 адам болған, олардың 6-уы қаза болып, 4 жас жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген.

Өрт шығудың алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel