RU
Салмағы 400 келіге таяп қалған ер адам арықтаймын деп тіл тартпай кетті
Жаңалықтар Әлемде

Салмағы 400 келіге таяп қалған ер адам арықтаймын деп тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Семіздік дертіне шалдыққан Нью-Джерси штатының тұрғыны Роберт Бучел, ауыр салмақтан арылуға арналған реалити-шоу түсірілімі кезінде қайтыс болған деп хабарлайды telegraf.com.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: telegraf.com.ua

Фото: telegraf.com.ua

41 жастағы америкалық азамат интенсивті арықтау бағдарламасын өткеннен кейін көз жұмды. Ол өзінің белсенді арықтау курсының алтыншы айына таяп қалғанда инфаркт алып қайтыс болған.

Айта кетейік, алты ай көлеміндегі Роберттің жеке жетістігі 155 келіден арылу болды. Дәрігерлердің айтуынша аз уақыт ішінде мұншама тез арықтау оның жүрегіне үлкен салмақ түсіріп, нәтижесінде жүректің тоқтауына әкеп соқтырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
2
7
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір