RU
Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков ұсталды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков ұсталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық іс-қимыл бюросының қызметкерлері Энеркетика министрлігіндегі шенеуніктердің жемқорлыққа қатысты қылмысын әшкереледі деп хабаралайды NUR.KZ порталы.

Шенеуніктің ұсталу сәтінен кадр

Шенеуніктің ұсталу сәтінен кадр

"Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігер ұйымының басшысымен келісім жасасып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту үшін мемлекеттен бөлінген қаржыны жымқырған.

Қылмыстық іске Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж. Нұрбеков, мердігер өкілі С. Жұмалинов пен Б. Қадірберлин де қатысқан.

Сәдібеков қол қойған жалған құжат бойынша Энергетика министрлігі 2017 жылы атқарылған жұмыстар үшін 3,6 миллиард теңге төлепті.

Аталған қаржының 1 миллиард теңгеден астамын шенеунік қалтасына басып, ол тексеру барысында тәркіленді. Бұдан бөлек, 2018 жылы көлді тазартамыз деген желеумен 1,5 миллиард теңге ұрламақ болған. Алайда айланың жолы кесілді", - делінген хабарламада.

Қазір пара алу фактісімен азаматтарға сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
2
1
2
14
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel