Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі бизнесмен өзінің депутат болуына қарсы шыққандарға жауап берді

Опубликовано:

Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзінің Instagram парақшасында «депутат атандың» деп сөккен оқырмандарына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Белгілі кәсіпкердің депутат болатынын білген жұрт сынап тастады
Белгілі кәсіпкердің депутат болатынын білген жұрт сынап тастады: UGC

Белгілі отандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген жақында ғана Алматы қаласы мәслихатының депутаты қызметіне өз кандидатурасын ұсынған еді.

Осыған орай, бизнесменнің бұл қадамына желі қолданушылары сын айтып, «депутат болып масайрап, тойынып кетпесеңіз» деп сөгіп тастаған еді. Осыған орай, кәсіпкер өз оқырмандарына аталған мәселеге қатысты жауап берді.

«Алматы қаласының мәслихаты депутаты қызметіне өз кандидутарымды ұсынғаннан кейін, жекеме менің шешімімді қолдап, сәттілік тілеген көптеген хаттар келді. Сіздердің осындай жылы лебіздеріңіз бен ыстық ықыластарыңыз мені, шыны керек, қанаттандырады, ілгері қадам басуыма күш-қуат береді. Бірақ, осы қадамымды сынап-сөккендердің қатары көбейді. Мәселен, маған келіп түскен хаттардың ішінде, сөзбе-сөз мысал келтірейін: «Депутаттықты қайтесің, сенің деңгейің емес», «Депутат боламын деп жетісіпсің», «Несіне осы атаққа қызығасың?» деген сияқты пікірлер де келіп түсті. Тіпті, «қазіргі болмысым қандай болса, кейін депутат болғанда қалай өзгеруім керек?» деп ақыл айтқан жандар да табылды. Әрине, бұлай деп пікір білдірген адамдардың барлығы маған тек ізгі ниетпен ғана жазды (бөтен оймен жазбағандарына сенімдімін) деген ойдамын», -деп жазбаны бастаған бизнесмен.

Сондай-ақ, ол депутат атанғанымен, оның болмысы сол күйінде қалатынын, шенеунік атандым екен деп, масайрап кетпейтінін жазған.

«Біріншіден, қандай жағдай орын алса да, адам сол адами қалпында қалу керек. Және ол барлық тұрғыда да, адамгершілік, материалдық жағынан болсын, өзгермей, өзінің бойындағы ізгі қасиеттерін сақтауы тиіс. Екіншіден, "барды бар, жоқты жоқ" деп айта алуымыз керек. Ауызбен айтып алып, кейін оны іс жүзіне атқара алмасаң, несіне азамат болғаның?",-деп жазбасын аяқтаған кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719725-belgili-biznesmen-zini-deputat-boluyna-karsy-sykkandarga-zauap-berdi/

pixel