RU
Министрлер, шенеуніктер мен депутаттар қазақ тілі курстарына жаппай ағыла бастаған
Жаңалықтар Қоғам

Министрлер, шенеуніктер мен депутаттар қазақ тілі курстарына жаппай ағыла бастаған

Рассказать Вконтакте

Астанада министрлер, шенеуніктер мен депутаттар қазақ тілі курстарына жаппай ағыла бастады. Ал мемлекеттік тілді үйрететін мұғалімдер вип-клиентерінің барлығын қабылдап үлгере алмай жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: newsnetwork.tv

Көрнекі фото: newsnetwork.tv

Астанада қазақ тілін жеңіл әрі түсінікті әдіспен оқытатын маман тапшы. Қазір мұндай мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Өйткені, президен үкімет пен парламенттің жиыны тек қазақша өтсін дегелі, министр мен шенеунік біткен жеке сабақ беретін ұстаз іздеп әлек.

Мәселен, екі сөйлемнің басын әрең құрайтын Ұлттық банк төрағасы қазақша үйренуге енді кірісіпті.

"Мен қазақша тілінен қазір оқимын. Үш рет аптада мұғаліммен, ұстазбен оқимын. Қазір ғана ешқандай проблемалар менде жоқ", - дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Біліп тұрғанын қазақша жеткізе алмай қор болып жүргендердің тағы бірі – Ұлттық экономика министрі. Тимур Сүлейменов 5 жыл Ресейде өмір сүріп, елге оралғанда ана тілін мүлдем ұмытып қалдым дейді. Министр жеке ұстаз жалдап, қайта оқып жүрсе де, ойын толық жеткізе алмайды.

"Күнде оқып жатырмын, оқытушым бар. Көп аса газеттерді оқимын, фейсбуктегі постарды оқимын. Өйткені, менің деңгейім қазақшам тілім деңгейі өздеріңізге мәлім", - дейді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Депутаттар да көштен қалмай тіл үйреніп жанталасуда. Бірі курстарға жазылса, екіншісі онлайн-сабаққа қатысады екен.

"Мен өмір бойы қазақ тілімен айналысып келем. Көп сөзді түсінемін. Білімді жетілдіру үстіндемін, зерттеудемін және одан ары да зерттей бермекпін", - дейді Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов.

Ал жалпы шенеуніктер мен халық қалаулыларын сең қозғаған бұл аптада Астанадағы қазақ тілін оқытатын орталықтар тыпыршып қалды. Білікті маман тапшы. Тіпті, онлайн-курстарға да жазылушылар еселеп артқан. Мәселен, интернет арқалы қазақ тілін оқытатын "Сөйле.кз" сайтына екі күнде екі мың адам жазылыпты.

"Мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде ұлттық компаниялардың қызметкрелері көп Астанадан, Алматыдан. Бірнеше депутаттар бар, бірнеше министрлер бар біздің сайтта тіл үйреніп жатқан, бірнеше облыс, қала әкімдері бар", - дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

Мамандардың айтуынша, адамның қазақ тілінде еркін сөйлеуіне үш ай жеткілікті. Ол үшін тіл үйренуші күніне кем дегенде жарты сағат сабаққа уақыт бөлуі тиіс екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
1
0
2
22
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel