RU
"Қазақстан аруы" атанған хас сұлу баласы үшін фильмге түсуден бас тартты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қазақстан аруы" атанған хас сұлу баласы үшін фильмге түсуден бас тартты

Рассказать Вконтакте

"Қазақстан аруы" Айдай Исаева кішкентай сәбиі мен отбасы үшін фильмге түсуден бас тартқанын айтып, ағынан жарылды деп хабарлайды rgmedia.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Қазақстан аруы» Айдай Исаева баласы үшін фильмге түсуден бас тартты

«Қазақстан аруы» Айдай Исаева баласы үшін фильмге түсуден бас тартты

Бойжеткен басылымға берген сұхбатында қазіргі таңда киноға түсуге ұсыныс түскенімен, одан бас тартқанын айтқан. "Қазақстан аруының" бұлай шешім қабылдауына кішкентай сәбиі мен отбасы себеп болған екен.

«Бүгінде түрлі брендтердің атынан жарнамалық роликтерге түсіп жүрмін. Киноға түсуге осы уақытқа дейін көптеген ұсыныстар түсті. Бірақ, маған ондай ұсыныстардан бас тартуға тура келді. Себебі киноға түсу біз ойлағандай оңай емес. Айлап түсірілім алаңында жүруге тура келеді. Менің сәбиім кішкентай болғандықтан отбасымды мансабым үшін тастап кете алмаймын. Мүмкін, балам ер жеткен соң өмірдегі болған, қызық сюжетті кино туындыларға ұсыныс түсіп жатса, қабылдайтын шығармын",-дейді бойжеткен.

Сонымен бірге, ол өмірде түрлі адамдар кездесетінін, бақытқа жету оңайға соқпайтынын мәлімдеген.

"Өмірлік кредом – алға қарай ұмтылу! Мақсатыма жету жолында қанша сүрінсем де тоқтап қалмай қайта тұрып, әрі қарай қадам жасау менің өмірлік ұстанымым. Бақытқа адам оңайлықпен жетпейтінін жақсы білемін. Сенің жолыңда қаншама адамдар жолығады, бірі саған сабақ берсе, бірі мінезіңді шыңдай түседі",-деп өз ойын ортаға салған ару.

Сіздің реакцияңыз
2
5
3
2
7
30
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel