RU
Ақтөбеде кітапханашыны мылқау қылып тастаған басшының үстінен тексеріс басталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде кітапханашыны мылқау қылып тастаған басшының үстінен тексеріс басталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Құмжарған ауылында кітапханашыны мылқау қылып тастаған басшыға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Ақтөбеде кітапханашыны мылқау қылып тастаған басшының үстінен тексеру жүріп жатыр

Ақтөбеде кітапханашыны мылқау қылып тастаған басшының үстінен тексеру жүріп жатыр

Осыған дейін басшыдан сөз естігеннен кейін есінен танып құлап, мылқау болып қалған ауыл кітапханашысы туралы жазған болатынбыз.

"Мәдениет бөлімінің басшысы әйелімнің ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтқаннан кейін тілден айрылдым", - деген ауыл азаматы көмек сұраған болатын.

Ауылда шыққан дауға қатысты тексеру жұмыстары басталған.

"Ол мәселе әлі қаралып жатыр. Шағым бойынша тиісті орындар айналысуда. Тексеріп болғаннан кейін шешіммен танысуларыңызға болады. Қазір түскен шағым бойынша жұмыс істеп жатырмыз",-дейді Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева.

Мылқау болып қалған 45 жастағы кітапханашы Гүлшара Бисенова науқасынан енді ғана айыққан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel