RU
Дәрігерлер 38 магнит шарын жұтып қойған бес жастағы баланың жағдайын айтты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Дәрігерлер 38 магнит шарын жұтып қойған бес жастағы баланың жағдайын айтты

Рассказать Вконтакте

Алматылық дәрігерлер 38 магнит шарын жұтып қойған бес жастағы баланың қазіргі жағдайын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: zdorov-vrn.ru

Көрнекі фото: zdorov-vrn.ru

Балаларға жедел жәрдем көрсету орталығының қабылдау бөлімі меңгерушісі Ерлан Меңдіғалиевтің сөзінше, балақай жазылып келеді.

"Бала өздігінен дем алады, операциядан кейінгі жағдайы бір қалыпты. Есін жиды, сөйлеседі. Әлбетте, беті бері қарап келеді. Бәрі ойдағыдай болса, әлі 7-10 күндей ауруханада болады. Қазір жансақтау бөлімінде, палатаға бір-екі күнде ауыстырып қаламыз", — деп мәлімет берді Меңдіғалиев.

Дәрігердің айтуынша, бала магнит шариктермен ойнап жүріп, жұтып қойған.

Еске сала кетейік, алматылық ақ халаттылар 40-қа жуық магнит тастарды жұтып қойған бес жасар баланы аман алып қалған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel