RU
Синоптиктер Қазақстанның 4 облысында дауылдық ескерту жариялады
Жаңалықтар Қоғам

Синоптиктер Қазақстанның 4 облысында дауылдық ескерту жариялады

Рассказать Вконтакте

Қазгидромет РМК өкілдері еліміздің төрт облысында дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Синоптиктер Қазақстанның 4 облысында дауылдық ескерту жариялады

Синоптиктер Қазақстанның 4 облысында дауылдық ескерту жариялады
Source: UGC

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында 6-7 наурызда қар немесе жауын жауады.

"6-7 наурызда Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (қар, жауын) күтіледі, 6 наурызда кей жерлерде жауын-шашын мөлшері көп түседі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан басталып солтүстік-батыс бағытқа өзгеретін желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетіп, кейде 23-28 м/с-ге үдейді, 6 наурызда күндіз, 7 наурызда тәулік бойы кей жерлерде 30 м/с және одан да екпінді жел соғады. Күндіз ауа температурасы 0-5 градусқа шейін жылиды, Шығыс Қазақстанда температура 3-8-ге дейін көтеріледі", - делінген дабылдық ескертуде.

Астанада 6-7 наурызда жауын-шашын (қар, жауын), көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 6 наурызда күндіз, 7 наурызда түнде оның екпіні 25 м/с-ге жетеді.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
2
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel