RU
Ақмола облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмола облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының Бурабай ауданында балық аулап жүрген 3 адам қаза тапты деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты

Ақмола облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты

Оқиға 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Щучинск қаласының жанындағы Шортан көлінде болған.

Балық аулауға барған бір топ жігіт түнде жылынбақ болып балықшыларға арналған дүңгіршектің ішіне от жаққан көрінеді.

Алдын ала болжам бойынша, аталған 3 жігіт түтіннен уланып мерт болған. Ал олармен бірге болған тағы 2 жігіт ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта қаза болған азаматтардың мәйіттері сот-медициналық сараптамасына жөнелтілді. Оқиғаның анық-қанығы осы зерттеуден кейін нақты белгілі болады. Олар жайлы нақты ақпаратты да заңға сәйкес айта алмаймыз", - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
5
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel