RU
Алматы облысында жеті жастағы бала арыққа түсіп жазым болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында жеті жастағы бала арыққа түсіп жазым болды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында екінші сынып оқушысы мектептің ауласындағы арыққа түсіп, қайтыс болды. Баланың өлі денесін мектеп директорының өзі іздеп тауып алған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ

Алматы

Куәгерлер сол күні арықтың ағысы өте қатты болғанын айтады. Оқушының мүрдесі жардан табылыпты.

Айдың күннің аманында арыққа түсіп қайтыс болған 7 жастағы баланың өлімі бүтін бір ауылды аяғынан тік тұрғызды. Қапыда баласынан айырылып қалған ата-ана сұхбат беретіндей жағдайда емес. Бірақ оқушының туған апасы мен мектеп директоры оқиғаның мән-жайын толықтай баяндап берді. Қайтыс болған оқушыға жақын туысы болып келемін деген мектеп басшысы баланың мәйітін арықтың суы 100 метрдей жерге ағызып жіберген дейді.

"Су қазір аз болып тұр. Сол күні су өте көп болған. Мол болып су аққан. Сол кезде бала сумкамен мына жақтан келе жатқанда құлаған видно. Құлағанда кішкентай арықпен, қазір кішкентай ғана су, сол кезде полный болып тұрған, баланы сумен алып кеткен", - деді мектеп директоры Қуат Есдәулетов.

Демек, екінші сынып оқушысы мектептің сыртымен емес, қоршаудың ішімен жүріп, әдеттегідей үйіне төте жолмен жетпек болған көрінеді. Себебі, баланың үйі тура мектептің жанында орналасқан. Кешкі сағат бестен он бес минут кеткенде сабақтан қайтқан оқушыны 15 минуттан соң анасы іздей бастапты. Іздеуге мектеп директоры да қосылып, баланың мүрдесін үйінің жанындағы жардан кешкі жетілер шамасында тапқан екен.

"Сумкасы ауыр болған. Аяғында резеңке етік болған. Мына бұтақтар бет-ауызын тырнаған, одан басқа ештеңе жоқ. Басы тасқа тиген бе екен, маңдайының төбесінде кішкентай гематома бар", - дейді марқұм Санжардың әжесі:.

Бастапқыда баланың өліміне арықтың тазаланбауы себеп деген туыстары, енді баланың ажалы табиғаттың залалынан келгенін айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір