RU
Бюджет ақшасын жымқырды деп ұсталған Энергетика вице-министрі туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Бюджет ақшасын жымқырды деп ұсталған Энергетика вице-министрі туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Күні кеше тұтқындалған вице-министр Ғани Сәдібеков Энергетика министрінің оң қолы. Яғни, министрлікке 2016 жылы Бозымбаевпен бірге келген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасалаған NUR.KZ.

Фото aeok.kz

Фото aeok.kz

Оның алдында да екеуі Жамбыл облысының әкімдігінде бірге қызмет атқарған. Әрі Бозымбаев Павлодар облысы әкімі болған кезде Сәдібеков оның орынбасары болған.

Ал министрлікте экология мәселесіне жауапты болды. Сондықтан да көлді тазартамын деп, бөлінген ақшаны жымқырған деген күдікке ілініп отыр дейді тергеушілер. Енді қоластындағы сенімді серігінің шатылып жатқанына қарағанда Бозымбаевтың да басына қара бұлт үйірілуі әбден мүмкін.

Қазір министрлікте жемқорлық дауынан соң қызметтік тексеру жүріп жатыр. Тіпті ведомство тергеуге араласа алмаймыз деп вице-министрдің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске сала кетейік, 2 наурызда Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен тағы бірқатар шенеуніктер ұсталған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
3
3
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel