RU
Үнді астрологы Қазақстанды алда не күтіп тұрғанын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Үнді астрологы Қазақстанды алда не күтіп тұрғанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Ачарья Сантош Сахани атты үнді астрологы елімізді ағымдағы жылы қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ачарья Сантош Сахани Алматыдағы үнді жәрмеңкесіне Нью-Делиден келген. Ол Ұзақ уақыт ғылыммен айналысып келген әйел соңғы жылдары астрологияға қызыға бастапты.

Бұдан бөлек, Ачарья дәрі-дәрмек шығарумен де айналысады.

Сонымен, ол NUR.KZ порталына сұхбат беріп, Қазақстан халқын 2018 жылы қандай өзгерістер күтіп тұрғанын болжады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, жақын күндері Марс пен Сатурн түйіседі екен. Бұл өз кезегінде агрессия мен адамдар арасындағы түсініспеушілікке алып келуі мүмкін.

Ұрыс-керістер жиі орын алуы мүмкін. Алайда бұл қылмыстың өсуіне алып келмейді. Ал табиғи апаттарға келетін болсақ, қазіргі көп жерлердегі су шайып кету оқиғаларына қарамастан, үлкен су адамдарға зиян алып келмейді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ачарья Сантоштың сөзіне сүйенсек, елімізде өрт көп болып, жол апаты жиілейді.

Сондай-ақ, Алматыда жер сілкінісі адамдарды шошытады деп отыр. Оның дәл қашан болатынын болжап білу өте қиын екен.

Жалпы, ағымдағы жыл қазақстандықтар шін тұрақты өтпек. Саясатта үлкен өзгерістер болмайды, ал экономика жағынан мамыр айында біршама өсім байқалады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
8
3
2
8
15
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel