RU
Атырауда жантүршігерлік өрттен қаза тапқандардың барлығы ОҚО азаматтары
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда жантүршігерлік өрттен қаза тапқандардың барлығы ОҚО азаматтары

Рассказать Вконтакте

Атырау облыстық ТЖД Қарабатандағы жатақхана өртенгенде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің аты-жөндері белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ТЖД

Фото: ТЖД

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы Оңтүстік Қазақстан облысында тіркеуде тұрған

Зардап шеккендер: Ұлан Амангелдіұлы Байшығыров, Нұржан Ерқалиұлы Қалмұрзиев, Ринат Шаймерденұлы Айымбетов, Қанат Тиыштықбекұлы Жаркынбеков.

Қаза тапқандар: Самат Бақытбекұлы Жұмабеков, Ерлан Әуезханұлы Жұрымбаев, Ерген Қалқұлұлы Демеуов, Мақсат Асқамбекұлы Шыңғысбаев, Самат Асқарұлы Кенжебаев, Ералы Нұрәліұлы Молдабеков.

Еске сала кетейік, Атырау қаласынан шамамен 40 шақырым жердегі Қызылқоға ауданында салынып жатқан Қарабатан "Газтурбиналық электр стансысының" құрылыс аумағында орналасқан жатақхана өртеніп 6 адам қаза тапқан еді.

Ал зардап шеккен тағы төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel