RU
Шымкентте төрт жасар балақай жүрегіне жасалатын отаға жетпей көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте төрт жасар балақай жүрегіне жасалатын отаға жетпей көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Сирек кездесетін жүрек ақауына шалдыққан шымкенттік балақай Виола Балан Астана қаласындағы аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды деп хабарлайды TVK телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Виола Балан. Фото желіден алынды

Виола Балан. Фото желіден алынды

Науқас қыздың емі үшін Қазақстан халқынан көмек сұраған әлеуметтік желідегі парақшада еріктілер тобы жан тебірентерлік жазба қалдырыпты.

"Қымбатты достар, екі сағат бұрын Виола өмірден озды. Бұл барлығымыз үшін үлкен қайғы болып отыр.. Ол енді ешқандай ауру мазаламайтын әлемге аттанды..Кешіріңіздер, не айтарымды да білмеймін.. Виолаға бір жыл бойы үйде, анасының қасында болуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет", - деп жазған олар.

Еске салсақ, 2016 жылдың 25 қарашасында Виоланың жүрегіне Берлин қаласында 18 сағаттық ота жасалған болатын. Осыдан кейін қыздың жағдай ұзақ уақыт бойы ауыр болып, кейінірек есін жиған еді.

Алайда көп ұзамай Виоланың анасы қызының жағдайы қайта нашарлап жатқанын айтып көмек сұрады. Оған тағы бір ота жасату үшін 59 мың евро керек болатын. Қаражат жиналып жатқан уақытта науқастың жүрегі шыдамай, қайтыс болып кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір