RU
19 жасында тұрмысқа шыққан келіншек енесінен көрген қорлығын жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

19 жасында тұрмысқа шыққан келіншек енесінен көрген қорлығын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жұмыссыз отырған жалғызбасты ана Жазира Ерғалиева (есімі өзгертілді — ред.) ажырасқан қазақ қыздарын бекем болуға шақырып, енесінен көрген қорлығын айтты деп хабарлайды aktobenews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: aktobenews.kz

Фото: aktobenews.kz

"Бір жыл бұрын ажырасып кеттім. Қазір бір қызым бар. Бір жыл бойы алиментті ешқандай кедергісіз алып отырмын. Ажырасқанда ата-анам қолдау көрсетті. "Уайымдама, бәрі жақсы болады" деп жұбатты. Ажырасқан қыздарға айтарым, күйзеліске түспеңдер, бекем болып, қасыңдағы баланы ойлау керек", — деді ол.

19 жасында күйеуге шыққан келіншек неліктен ажырасып кеткенін айтып берді. Оның сөзінше, ененің араласуынан отбасы шырқы бұзылды.

"Күйеуіммен достар арқылы таныстым. Мен оны әскерден де күттім. Бәрі жақсы болды. Ата-анасымен, туыстарымен таныстырды. Қосылуымызға ешқандай кедергі болмады. Тек күйеуге шыққаннан кейін артымнан пышақ сұққандай жағдай болды. Енемнен қателік кетті. Менің баламнан бас тартты. Бір сөзбен айтқанда, үйден қуып шықты. Ол кезде күйеуім жұмыста еді. Күйеуіммен ұрысқан жоқпыз. Тату өмір сүрдік. Тек ата-енем арамызға түсті", — деді келіншек.

Бүгін Ақтөбеде Жазира секілді ажырасқан келіншектерге психологиялық көмек және алимент өндіруде ақыл-кеңес берілді. Жиынға қатысқандардың көбі — жас келіншектер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
1
7
2
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір