RU
Өзге ұлтттың азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы елді сүйсінтті
Жаңалықтар Қоғам

Өзге ұлтттың азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы елді сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Instagram желісінде өзге ұлт азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойынан видео тарап, елді сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Видеода өте көрікті қазақ қызының өзге ұлт азаматымен тұрмыс құрып, бақыттан басы айналып жүргенін байқауға болады. Тіпті оның ата-аналары да, қуаныштан көздері бал-бұл жайнап, қыздарын құттықтауда.

Тамаша тойды көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі бақытты жұпты көріп сүйсінсе, енді бірі өзге ұлтқа шығуды жарнамаламау керек дегенді айтуда.

malikovazhumag: "Қанша сүйіп қалса да, өз ұлтымның ұрпағын көбейтемін деп, сүйгенінен бас тарту керек. Уақытша байлыққа алданудың қажеті жоқ"

_erikkyzy_: "Бақытты болса болды емес пе?! Əркім таңдауға өз құқығы бар..."

kumisbek07: "Мұндай нәрсені әдемі етіп жарнамалаудың қажеті жоқ. Онсыз да өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздар аз емес", - деп пікір қалдырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
64
1
3
6
3
55
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір