RU
Қаскелең мектебіндегі жартылай жалаңаш тәрбиеші туралы жаңа деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қаскелең мектебіндегі жартылай жалаңаш тәрбиеші туралы жаңа деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Құрманғазы Айтмұқанов 10 жасар баласының бөлмесінде жартылай жалаңаш күйде ұстап алған мұғалім еңбекке жарамсыздығы бойынша демалысқа шығып кетіпті. Олар азаматқа баласымен не істегенін әлі түсіндірмеген деп хабарлайды "Евразия" телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Евразия" телеарнасынан скриншот

"Евразия" телеарнасынан скриншот

Оған қоса, бөлмеде болған бір әйелдің мектепте жұмыс істемейтіні анықталған.

"Алғашында өзім ұялып қалып, бөлменің есігін жаба салдым. Содан кейін онда бір жамандықтың болғанын түсініп, суретке түсіріп алмасам, кейін дәлелдей алмай қаламын деп шештім.

Бөлмеге кіріп, екі сурет түсірдім. Тәрбиешілерден онда не істеп жатқанын сұрадым. Олар жарытып ешнәрсе айта алмады. Неге олай жасағандарын әлі деп түсіндірмеді", - дейді Айтмұқанов.

Ал тәрбиеші баламен бір бөлмеде болғанын жоққа шығарып, азаматтың жала жауып жатқанын айтқан.

"Евразия" телеарнасынан скриншот

"Евразия" телеарнасынан скриншот

Баланың шын мәнінде бөлмеде әйелдермен болғанын интернаттың камералары нақтылады. Тәрбиеші мен белгісіз әйелдің жанында 10 жастағы оқушы 40 минуттай жеке қалған.

Ең сорақысы, Арсеннің өзі бөлмеде не болғанын айтып бере алмайды. Оның ақыл-есі дамуы біраз артта қалып, аутизмнің белгілері байқалған.

Еске салсақ, бірер күн бұрын Қаскелең қаласындағы ақыл-есі бұзылған балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат оқушысының әкесі сұмдық жайттың бетін ашқан болатын. Ол ұлын бір бөлмеге қамап қойып, өзі жартылай жалаңаш төсекте жатқан тәрбиешіні тауып алған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
25
1
6
3
6
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір