RU
Ақтөбе облысында құтырған мысық үш адамды аяусыз тырнап тастады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ақтөбе облысында құтырған мысық үш адамды аяусыз тырнап тастады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында құтырған мысық үш адамды аяусыз тырнап тастаған. Қарт кісілер үй жанында жүрген сәтте жануар оқыстан тап беріп, олардың аяғына жабысқан деп хабарлайды «Диапазонға» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мысық. Фото:Взгляд-инфо

Мысық. Фото:Взгляд-инфо

Тұрғындардың айтуынша, биылғы жылы жабайы мысықтар көбейіп кеткен. Ер адамның аяғын тістеп қашқан мысық, дәл сол күні тағы бірнеше кісіні жарақаттаған. Жараланған тұрғындар дәрігер көмегіне жүгініпті.

Қазіргі уақытта мысық құрықталып, басы зерттеу орталығына жіберілген. Мысықтың құтырма ауруына шалдыққаны расталды.

«Құттыкөлдегі мысық шабуылы екінші ақпан күні орын алды. Қазір үш ер адам құтыруға қарсы ем қабылдау үстінде. Өткен айдың соңында зерттеу орталығы мысықтың құтырғанын растады. Ауылдың бір көшесі толықтай тазартылып жатыр. Ол көшедегі үй жануарлары, адамдар, иттер мен мысықтар ем қабылдайтын болады» - деді Ырғыз аудандық ветеринариялық орталықтың басшысы Серік Құлтазин.

Айта кетейік, көше кезген жабайы мысықтардың ауруды қай жерден жұқтырғаны белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір