RU
БАҚ: Астанада дискотекаға келген оқушы қыздар мас болып қалған
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Астанада дискотекаға келген оқушы қыздар мас болып қалған

Рассказать Вконтакте

Астанадағы оқушылар сарайында болған би кешінде оқушылар алкогольдік ішімдікке масайып, үйлеріне қайтар жолда біреуі пышақталған деп хабарлайды Вaq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Дискотекадан масайып қайтып келе жатқан оқушылардың бірін белгісіз біреу пышақпен жарақаттаған екен. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова айтып берді.

«Дискотекадан кейін баланы Оқушылар сарайының маңайында белгісіз біреу жарақаттаған. Қазір бала ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты. Күдікті ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Сондай-ақ ішімдікке мас болған оқушылардың қыз балалар екені анықталған.

«8 наурызға орай ұйымдастырылған сұлулық байқауына қатысқан қыздар ішімдік ішіп, мас күйінде болған. Қазіргі таңда олардың да жағдайы жақсы. Осы оқиғадан кейін қыздардың мұндай қылығы мектептің профилактика кеңесінде қаралатын болады. Балалардың барлығы қаладағы әртүрлі мектепте оқитын 11-сынып оқушылары», - деді Жазира Асанова

Сіздің реакцияңыз
10
1
3
5
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel