RU
Оңтүстік Кореяда адам төзгісіз жұмыс сағаты қысқартылатын болды
Жаңалықтар Әлемде

Оңтүстік Кореяда адам төзгісіз жұмыс сағаты қысқартылатын болды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореядағы адам төзгісіз 68 сағаттық жұмыс кестесі аптасына 52 сағатқа дейін қысқартылатын болды. Республика президенті Мун Джэин осылайша тұрғындардың өмір сапасын жақсартпақ деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Оңтүстік Корея әлем бойынша халқы ең көп еңбектенетін елдердің бірі. 2016 жылы ол Мексика мен Коста-Рикадан кейінгі үшінші орынды еншілеген болатын.

2018 жылдың шілде айынан бастап іске асатын жаңа заңнама бойынша негізгі жұмыс аптасы 40 сағаттан аспайтын болады. Оған қоса 12 сағаттық қосымша жұмыс істетуге болады.

Бұл жаңашылдық ел президентінің халыққа бұрынырақ берген уәдесі болатын. Осыған дейін ол жылдың басында ең төменгі жалақы мөлшерін 16 пайызға көтеріп, халықты бір қуантқан еді.

80-90 жылдардан бері Оңтүстік Корея экономикасы қарыштап дамып, елдегі жұмыс орындары көбейген. Алайда бұл елдегі бала туу статистикасының күрт төмендеуіне алып келіпті. Министрлер Кореядағы жұмыс уақытын "адам төзгісіз" деп бағалап, ол халықтың ерте қартаюына әсер етеді дегенді алға тартқан болатын.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
5
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір