RU
Ұмытшақтыққа салынған ер адам 30 жыл отасқан әйеліне қайта ұсыныс жасады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ұмытшақтыққа салынған ер адам 30 жыл отасқан әйеліне қайта ұсыныс жасады (фото)

Рассказать Вконтакте

Альцгеймер ауруына шалдыққан 68 жастағы Майкл Джойс өз әйелімен отыз жылдан аса отасқан келіншегіне қайта ұсыныс жасаған. Жаңа зеландиялық жұбайлар қайта некелескен деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Свадьба. Фото: bigpicture.ru

Свадьба. Фото: bigpicture.ru

2010 жылдан бастап ұмытшақтық ауруы мен тіл мүкістігі қабаттасқан Джойс, өмірінің өткен шақтарын біртіндеп ұмыта бастаған. Тіпті соңында әйелі Линдамен отыз жылдан аса отасқандарын да есінен шығарып алған.

«Өткен жылдың қарашасында ол алдыма келіп, қолымнан ұстап алды. Содан соң «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деп сұрады. Мен басында толқып кеткеніммен, оны білдірмедім. «Әрине, қуана-қуана» деп жауап бердім», - дейді Линда.

Ал ертесіне Джойс өзінің ұсыныс жасағанын ұмытпаған. Күйеуінің дерті мазаламай тұрғанда той өткізуді жоспарлаған әйел арнайы орталықтарға хабарласқан. Осылайша, олар бір апта көлемінде қайта жас жұбайлар атанып үлгеріпті.

Айта кететіні Джойс пен Линданың қуанышына оннан аса жақын адамдары қатысқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
4
2
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір