Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасын жоқтатқысы келмеген ер адам қызымен естен кетпес фотосессия жасады

Опубликовано:

Бен Нанери мен оның сүйкімді қызы Оливия мына тамаша суреттерді 2011 жылы 31 жаста қатерлі ісік дертінен қайтыс болған Алиге арнап жасады. Бір-ақ күнде Бен сүйіктісіз, ал Оливия анасыз қалып қалған деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бен мен Али 2009 жылы отау құрып жаңа үй сатып алады. Су жаңа баспанада бақытты жас жұбайлар фотосессия жасауды ұйғарған. Алайда екі жарым жыл салып Али қатерлі ісіктен көз жұмады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Жалғызбасты әке болып қалған Бен кішкентай қызымен басқа үйге көшпес бұрын, ескі үйде анасының құрметіне арнап бұрынғы ретро фотосессияны қайта жандандырмақшы болады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ата-анасы аз болса да ең бақытты күндеріне куә болған үйден осындай тамаша естеліктер жасалған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бұл фотосессия кезінде Бен өзін ерекше сезімде болғанын айтты. Бұл сүйікті әйел мен аяулы ана жайлы естелік Бенге бұрын соңды болмаған әсер қалдырған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ең қызығы, бұл суреттерді 2009 жылы да 2013 жылы да түсірген бір адам. Ол Алидің туған сіңлісі - Мелани.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бұл фотосессия болашақта Оливияға анасының қандай болғаны мен қай үйде тұрғаны жайлы естелік сыйласа әкесінің басқа еш арманы жоқ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бұл қайғы мен мұң шалған фотосессия емес. Бұл қызымның анасына деген махаббат суреттері дейді Бен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1719836-anasyn-zoktatkysy-kelmegen-er-adam-kyzymen-esten-ketpes-fotosessia-zasady/

pixel