RU
Илья Ильин әлем чемпионатына дайындалып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Илья Ильин әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Рассказать Вконтакте

Допинг қолданды деген айыппен жарыстардан шеттетілген Илья Ильин Олимпиадаға лизенция беретін әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтты деп жазады NUR.KZ.

Илья Ильин әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Илья Ильин әлем чемпионатына дайындалып жатыр

- Рио Олимпиадасында жүлде алған және қатысқан спортшылармен қатар Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло да дайындық үстінде. Шеттетілу мерзімдері аяқталып келеді. Олар жеке дайындалуда. Шеттетілу уақыты аяқталысымен, ұлттық құрамаға қосылып, Ашхабадтағы әлем чемпионатына бірге дайындалады, -деді ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни.

Лицензиялық әлем чемпионаты желтоқсан айының басында Ашхабадта өтеді.

- 1 қарашадан бастап жаңа жүйе қолданысқа енеді. Демек әлем чемпионатына кіл мықты спортшылар келеді деген сөз. Бізден Ильиннен бастап, Рахимовке дейін қатысу керек. Ұлттық құрамада да бәсекелестік жоғары. Іріктеу жарысын өткізіп, барлығының да лицензиялық жарыстарға қатысуына жағдай жасаймыз, - деді Алексей Ни.

Еске сала кетейік, Илья Ильинмен бірге Зульфия Чиншанло да әлемдік сынға дайындалуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
1
26
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір