RU
Отандық жұлдыздар «Қалаулымға» жаппай қарсы шықты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық жұлдыздар «Қалаулымға» жаппай қарсы шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Атышулы «Қалауылым» бағдарламасының жабылатыны жайлы хабар тарағанымен, көпшіліктің көңілі су сепкендей басылды. Себебі, бағдарлама жүргізушісі Аша Матай «Қалаулымды» халық қалағандықтан өз жұмысын жалғастыратынын айтты. Ал отандық жұлдыздар аталмыш бағдарламаның жабылуын қолдау, видео үндеу жолдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық жұлдыздар. Фото: nur.kz

Отандық жұлдыздар. Фото: nur.kz

«Қалаулымды» елімізді алты миллионнан аса адам тамашалайды екен. Жуырда Сәкен Майғазиев “Қалаулымның” басы-қасында жүрген әріптестеріне деген өкпесін жеткізген болатын.

Ол: “Сол қосылып жатқан екі жастың ұрпақтары үшін мен жаным ашып, шырылдап жатсам, менің әріптестерім сол бағдарламаның шашбауын көтеріп, сойылын соғып жүр. Сонда мен кім үшін зар қақсап жүрмін?” – деп айтты.

Осы орайда бір топ өнер иелері Майғазиевтің жалғыз емес екенін айтып,оған қолдау білдірді. Бұл қатарда Серік Ибрагимов, Ғаділбек Жаңай, “Өнер қырандары” әзіл-ысқақ театры да бар.

“Өте дұрыс айттыңыз, Сәкен аға! Сіз қазақи салт-дәстүріміз бен қанымызға біткен текті тәлім-тәрбиені сақтап қалу мақсатында айтып жатырсыз. Әріптестерімізді де сол бағдарламаға барып, атсалыспауларын және соның рейтингін көтермеулерін сұраймыз”, – дейді “Өнер қырандары” театры.
“Құрметті Сәкен аға, сіз жалғыз емессіз! Мен де сізбен біргемін. Ол бағдарлама бізге керек емес және жастардың санасын улайтын бағдарламалардың бірі деп ойлаймын. Мені әлбетте шақырды, мен бармаймын деп шешім қабылдадым. Әріптестерімді бағдарламаға бармай-ақ қоюларын сұраймын. Қолдайтын жігіттер болса, мархабат”, – дейді Серік Ибрагимов видеода.

Сол сияқты Ғаділбек Жаңай да Майғазиевке қолдау білдірді.

“Түкте жалғыз емессіз аға! Жанашырлығыз Жаратқаннан қайтсын! Біргеміз, берік іргеміз!” – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
4
1
2
2
114
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір