RU
Бірнеше жарақаты бар: Дәрігерлер би кешінен кейін жараланған оқушының жағдайын айтты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Бірнеше жарақаты бар: Дәрігерлер би кешінен кейін жараланған оқушының жағдайын айтты

Рассказать Вконтакте

Астанадағы қалалық №2 аурухана 2 наурызда түскен жарақаттанған оқушы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: Sueveriya.ru

Иллюстрациялық фото: Sueveriya.ru

"Оқушы аурухананың қабылдау бөліміне шұғыл түрде 19:45-те жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Ауруханаға бала «көкірек қуысының оң және сол жағына үшкір затпен келтірілген терең емес бірнеше жарақаты бар» деген диагнозбен келіп түсті. Мұндай жарақат оқушының белінде де кездеседі", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша науқас оқушының жағдайы тұрақты екені айтылған болатын.

"Пациентті жеткізу кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқушы қалалық №2 ауруханада жатыр. Қазіргі таңда зардап шеккен оқушының жағдайы қанағаттанарлық дейгейде", - деп мәлімдеді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетсек, кеше Астанадағы Оқушылар сарайы маңайында 11-сынып оқушысын белгісіз біреу жарақаттаған.

Оқиға мектеп оқушыларының дискотекасынан кейін болды. Күдіктінің кім екені анықталып, ұсталды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
4
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel