RU
Астанада дискотекаға кіре алмаған оқушы бірден ағасын шақырған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада дискотекаға кіре алмаған оқушы бірден ағасын шақырған

Рассказать Вконтакте

Оқушылар сарайында өткен дискотекадан кейін 51 мен 70-ші мектеп оқушыларының арасында төбелес шығып, артынан бір оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астаналық оқушылардың дискотекадан соң не үшін төбелескені анықталды

Астаналық оқушылардың дискотекадан соң не үшін төбелескені анықталды

Қалалық білім басқармасы хабарлағандай, шара 51 мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған. Зардап шеккен бала 70 мектептің 11-сынып оқушысы екен.

Ол дискотекаға достарымен бірге шақырусыз келген. Биге кіре алмай қалған ол шыға берісте оқушылардың бірімен жанжалдасып, көмекке 18 жастағы ағасын шақырған.

"Оқушылар сарайының аумағынан шыға берісте төбелес болып, шақырусыз келген басқа мектептің баласын пышақпен жарақаттады", — деді басқармадағылар.

Алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін мектептегі шаралар кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім басқармасы полициямен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

Оқыс оқиға кеше кешке Астанада оқушылар сарайының жанында болғанАстанад. Дәрігерлер төбелесте көп жарақат алған баланың қазір жағдайы тұрақты екенін айтып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
3
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel