RU
Атышулы Жолдыбаева өзінің жұртқа үлгі болып жүргенін айтып мақтанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атышулы Жолдыбаева өзінің жұртқа үлгі болып жүргенін айтып мақтанды

Рассказать Вконтакте

Атышулы Алтынай Жолдыбаева кей топтардың өздерінен, яғни «Jayrun» тобынан үлгі алып жүргенін айтты. Алайда бұл сөз «Kesh You»-лік Балжанға ұнамай қалған. Ол өнердегі әріптесіне жауап қайтарды деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Jayrun" и "Kesh you". Фото: nur.kz

"Jayrun" и "Kesh you". Фото: nur.kz

Жолдыбаеваның сөзінше бүгінгі жас әншілер олардың әр әрекетін қайталайды екен.

«Біздер басында үшеу болдық. Бәрі үшеуден шықты. Біз төртеу болып шығып едік, өзгелер де төрттікке айналды. Біз қазір қайтадан үштікке айналдық. Енді көреміз», - деді «Jayrun» тобының әншісі.

Бірақ, бұл сөздің қай топқа арналғанын Жолдыбаева ашып айтпады.

Алайда «Kesh You» тобының әншісі Балжан Бидаш әріптесіне жауап қайтарып үлгерді.

«Ол кісі өзіне көп ала бермесін. Біздің продюсерлер өзгеден көшіретін адам емес. «Лашын» тобымен амалсыз қосылуға тура келді», - деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз
12
2
3
0
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel