RU
Арықтаймын деп адам шошырлық күйге түскен қыз дертке шалдықты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Арықтаймын деп адам шошырлық күйге түскен қыз дертке шалдықты

Рассказать Вконтакте

Артық салмақтан арылу үшін бірінші қанттан бас тартқан бойжеткен кейіннен мүлдем тамақ жеуді қойған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Германиядағы Майнц қаласының тұрғыны Анника Хоф 14 жасында фитнеспен айналысып, мейлінше арық болуға талпынады. Тіпті тамақ ішуден де бас тартқан ол өзінің организмін нашар жағдайға түсіріп тынған.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Қыздарының көз алдында солып бара жатқанын байқаған ата-ана оны бірден емдеуге кіріседі. Алайда арық денені сымбатты санаған Анника аурухана дәрігерлерінен айласын асырып, берген тамақтарын түкіріп, шүберектер мен қалталарға тыға бастаған.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Көмек қолын созғандарды тыңдағысы келмеген қыз салмағы 39 келіге жеткенде денсаулығының мүлдем төмендеп кеткенін түсіне бастаған.
Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Ол бірден медициналық спорттық курстарға жазылып дәрігерлердің бақылауымен денесін шынықтыруды қолға алып, қажетті мамандардың нұсқауымен тамақтану ретін түзеткен.

Бүгінгі күні Анникаға қарап бұрын оның күрделі ауруға шалдыққанын тіпті байқамайсыз.

Оның өзі де "арық денені қалайша сымбатты деп есептегем" деп таңғалады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
3
2
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel