RU
Танымал журналист Баян Мақсатқызын "қазақша қақпайтын" продюсер деп атады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал журналист Баян Мақсатқызын "қазақша қақпайтын" продюсер деп атады

Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" телехикаясын түсірген Баян Мақсатқызын "қазақша қақпайтын журналист" деп атады. Оның айтуынша, мұндай тарихи фильмдерді түсіру жүгін қазақ тарихын өте жақсы меңгерген адам арқалауы тиіс. Бұл туралы журналист ernur.kz сайтына берген сұқбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал журналист Баян Мақсатқызын "қазақша қақпайтын" продюсер деп атады

Танымал журналист Баян Мақсатқызын "қазақша қақпайтын" продюсер деп атады
Source: UGC

"Біріншіден, тапсырыс берген деудің өзі нақты сөз емес. Бұл сұрақты соларға қою керек. Және олар ұлтжанды продюсерге таңдау жасай алмады. Неге қазақша тарихты, қазақша эпосты неге қазақша қақпайтын адам түсіреді? Бұның айтылатын, айтылмайтын себебі көп. Ал бірақ, сондай жағдайға келуімізге бәріміздің де кінәміз бар, ол рас! Бірақ бәріміз де кінәліміз деу - жауапкершіліктен құтылу деген сөз. Жауапкершілікті нақты адамға қою керек. Оған сол түсіргендер жауап берсін! «Қазақстан» телеарнасының бас редакторы пәленбай бет мақала жазды. Ал, сол қатенің бәрін киноны жарыққа шығарарда неге көрмеді? Жауап бере алды ма? Жоқ! «Кессеңдер, басым осы» деді де қойды. Яғни, телеарнада бірлік жоқ деген сөз бұл! Бірін-бірі тыңдамайды деген сөз. Міне, жауапкершілік солардың қолында!", - дейді ол.

Сонымен бірге, Өмірзақ мырза Баян түсірген телехикаяның екі сериясын артық көре алмағанын айтады.

"Әңгіме Баянда емес, ол болмаса Саян, әйтпесе Таян шығатын еді. Мен Баян туралы айтқым да келмейді! Мен бұған жоламай жүр едім, өткенде мақала жазғаныма да әкесінің араласуы, қызын ақтауы сеп болды. Ерінбей отырып екі сериясын көрдім, арғы жағын көруге шыдамым жетпеді, шынын айтқанда құсқым келді. Баян туралы айтып отырмын ғой, негізі Баян не істесе оны істесін, біз өз тарапымыздан ондайларға жол бермеуіміз керек. Болды, басқа мәселе жоқ! Әркім өзінің тиісті жұмысын істесін! Бізде өз жұмысын жөнді істемейді, істесе өз білерінен артыққа аттап баспайды, көпшіліктік мәселе ғой, оған үлес қосайын демейді", - дейді белгілі журналист.

Еске салсақ. журналист отандық басылымдардың біріне жариялаған сыни мақаласында "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" телехикаясының кемшін тұстарын жіпке тізгендей сараптап берген еді.

Сіздің реакцияңыз
10
2
4
0
4
79
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel