RU
Екібастұзда өгей әкесінен өмір бойы қорлық көрген келіншек оны өлтіріп тынды
Жаңалықтар Қоғам

Екібастұзда өгей әкесінен өмір бойы қорлық көрген келіншек оны өлтіріп тынды

Рассказать Вконтакте

Екібастұзда өгей әкесінен таяқ жеп келген жас келіншек онымен сөзге келіп, ақыр соңында өлтіріп тынған деп хабарлайды Newtimes-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Екібастұзда өгей әкесінен өмір бойы қорлық көрген келіншек оны өлтіріп тынды

Екібастұзда өгей әкесінен өмір бойы қорлық көрген келіншек оны өлтіріп тынды

Екібастұз қалалық соты өгей әкесімен сөзге келіп, ашу үстінде оны өлтіріп алған әйелге қатысты үкім шығарды. Айыпталушы мұндай әрекетке баруының басты себебін өгей әкесінің өмір бойы өзі мен анасы және сіңлісі үшеуіне қорлық көрсетуімен түсіндіріпті.

«Өгей әкесінің кесірінен анасының жүрек талмасымен ауруханаға түскенін білген әйел бірден үйіне қарай жолға шығады. Пәтерге кірместен бұрын ол баспалдақ үстінде әкесімен кездесіп, онымен сөзге келіп қалған. Нәтижесінде, ашуға булыққан келіншек темір металды арматурамен оны соққыға жығып, ер адам сол орында көз жұмады», - деп мәлімденген соттың баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Сотта келіншек өз кінәсін толықтай мойындаған. Сот айыпталушының бұрын-соңды аса ауыр қылмыс жасамағанын және отбасылы, бір баласы бар ана екенін ескеріп, оған барынша жеңіл үкім шығаруға тырысқан.

Осылайша, Екібастұз қаласының соты әйел адамды бір жарым жылға бас бостандығынан айырып, жылына 120 сағат жұмыс жасайды деген үкім шығарған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
3
10
3
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір