RU
Астанада аяусыз соққаға жығылған бес жасар бүлдіршін ауруханада жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада аяусыз соққаға жығылған бес жасар бүлдіршін ауруханада жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Порталымыздың оқырманы редакцияға елордада болған адам сенгісіз оқиға туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, 1 наурыз күні түрлі ауыр жарақаттары бар бес жасар қыз қалалық №2 ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz
Source: UGC

Соққының салдарынан сансыз ауыр жарақаттар алған бүлдіршінге елордалық дәрігерлер ота жасап, өлім аузынан аман алып қалған.

Атын құпия сақтауды өтінген оқырманның айтуынша, кішкентай қыз ағасымен тұрады екен. Бүлдіршінді соққының астына алған да сол болса керек.

Қыздың анасы темір торға тоғытылып, ал әкесі қайтыс болған.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz
Source: UGC

Оқырманның сөздерінше, баланың өмір сүру жағдайы өте нашар. Денесін толығымен жарақаттар қаптаған, үстінде сау жер жоқ. Тіпті баланы айлап жуындырмаған сыңайлы.

"Бүгін оны нейрохирургия бөліміне ауыстырыпты. Дәрігерлердің қызметінде мін жоқ, барлығын өз бақылауларына алған", - деп ағынан жарылды оқырман.

Алайда ол бүлдіршіннің ертеңгі күніне алаңдайды. Бізге хабарласуының басты себебі де – осы. Орын алған аса ауыр жағдайға әлеуметтік қорғау органдары бей-жай қарамай, көмек қолын созса дейді ол.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz
Source: UGC

Оқырман бес жасар қызды танымаса да, ауруханада жатқанын көре сала жаны ашып, адамшылық тұрғысынан көмектескісі келген.

Астана қаласының денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы кішкентай қыздың ауруханаға түскенін растады.

Алайда толық әрі нақты ақпаратты кешірек беретініне сендірді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
4
16
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel