RU
Наурыздың соңында күллі әлем жұрты "көгілдір айды" көре алады
Жаңалықтар Әлемде

Наурыздың соңында күллі әлем жұрты "көгілдір айды" көре алады

Рассказать Вконтакте

31 наурыз күні аспан көкжиегінде көгілдір айды көру мүмкіндігі туады. Бұл құбылысты 2,7 жылда бір рет тамашалауға болады деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua
Source: UGC

Бүгін түнде болған айдың толуы да адамзат өміріне үлкен өзгеріс алып келері сөзсіз. "Әрбір адамды алда тек қана жарқын оқиғалар мен қайталанбас әсерлер күтіп тұр", - деген пікір білдіруде астрологтар.

Кез келген айдың толуы адамдарды өз ойларын нақты жеткізуге, тәуекелге бел бууға және қауіпсіздікке көз жұмуға итермелейді. Соған орай, мұндай кезде қылмыс пен жол апаттарының саны көбейе түсуі - заңдылық.

Сол үшін, ең біріншіден, қауіпсіздікті естен шығармауға кеңес береді астролог мамандар.

31 наурызда бой көрсететін көгілдір ай адамзат қауымына ерекше әсер етеді. Егер де ол күні өзіңізді жайсыз сезінген болсаңыз, ештеңе жоспарламай, үйден шықпай отырғаныңыз дұрыс.

Айдың толу процесі аяқталған соң, өміріңіз бен басыңыздағы хаосты реттеуге бірден кірісіп кеткен абзал.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
7
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel