RU
Балқашта бесінші қабаттан құлаған 26 жастағы қыз аман қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Балқашта бесінші қабаттан құлаған 26 жастағы қыз аман қалды

Рассказать Вконтакте

Балқашта көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен қыз аман қалды деп хабарлайды Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Балқашта

Ведомство хабарлағандай, 26 жастағы қыз бесінші қабаттан құлап кетіпті, бірақ Балқаш қаласының дәрігерлерінің арқасында аман қалды.

Болған оқиғадан соң қызды көптеген ауыр жарақатпен орталық ауруханаға жеткізген.

"Өте ауыр хәлде жеткізілді. Дәрігерлер көптеген сынық алғанын, бас миына зақым келіп, өкпесі жарылғанын айтты. Сол жерде травматологтар, нейрохирургтар, хирургтар және басқа да мамандардан жедел команда құрылды", — деп хабарлайды Иса.

Зардап шегушіге бір дегенде бірнеше маман операция жасаған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы бір қалыпты болғанымен, ауыр хәлде.

"Дәрігерлер қызды аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазір беті бері қарап, аяққа тұрып кетеді деп үміттенеміз. Орталық аурухананың дәрігерлері өз ісінің нағыз мамандары екенін атап өткіміз келеді. Олар мұндай күрделі операцияларды өздері жасап, адамдардың өміріне араша болады", — дейді Иса.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір