RU
Атырауда тілсіз жаудан аман қалған жұмысшылар болған жайтты баяндады
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда тілсіз жаудан аман қалған жұмысшылар болған жайтты баяндады

Рассказать Вконтакте

Атырау облысындағы жұмысшылар жатақханасында болған қаралы оқиғадан аман қалғандар болған жайтты баяндап берді деп хабарлайды Мой город басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz
Source: UGC

«Түнгі кезекшіліктен келгеннен кейін таңғы асымды ішуге енді кірісе бастағанымда жалын шарпып, барлығы жанын аман алып қалу мақсатында қаша бастады», - дейді тілсіз жаудан зардап шеккендердің бірі.

Жалын есік маңынан шарпығаннан кейін шығарға тесік таппай, ол терезеден секіріп кеткен.

Ал құтқарылып үлгерген жұрт өрттің неден пайда болғанынан хабарсыз күйде далада жедел жәрдем мен өрт сөндірушілерді күтуге мәжбүр болыпты.

Аман қалғандардың тағы біреуінің айтуынша, өрт басталған кезде ол шомылып жатқан.

«Есік сыртындағы айқайды естіп, жуынып та үлгермедім. Бөлмеме жүгіріп барып, қажет құжаттарды алдым да, артқы есіктен шығып кеттім», - дейді ол.

Қазіргі таңда үкіметтік комиссия оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Компания жұмысшылары тергеу ісінің аяқталуына дейін босатылғаны белгілі болды. Бала-шағасымен қауышқан азаматтар тиісті айлықтарын алып тұруға құқылы екен.

Айта кетейік, қайғылы оқиға Қаратабан станциясында өткен жұма күні болған. Оқиға орнында жеті адам қаза тапты. Тағы төртеуі түрлі деңгейлі күйікпен ауруханаларға жатқызылған.

Кейін белгілі болғандай, қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілмекші.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
8
3
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel