RU
20 жастағы ақтөбелік келіншек енесінен көрген қорлығын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

20 жастағы ақтөбелік келіншек енесінен көрген қорлығын айтып берді

Рассказать Вконтакте

20 жасында күйеуінен ажырасқан ақтөбелік келіншек қазақ қыздарын мықты болуға шақырды деп жазады Aktobenews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

ақтөбе

Жұмыссыз отырған жалғызбасты ана Жазира Ерғалиева (есімі өзгертілді — ред.) енесінен қорлық көргенін айтып берді.

«Бір жыл бұрын ажырасып кеттім. Қазір бір қызым бар. Бір жыл бойы алиментті ешқандай кедергісіз алып отырмын. Ажырасқанда ата-анам қолдау көрсетті. «Уайымдама, бәрі жақсы болады» деп жұбатты. Ажырасқан қыздарға айтарым, күйзеліске түспеңдер, бекем болып, қасыңдағы баланы ойлау керек», — деді ол.

19 жасында күйеуге шыққан келіншек неліктен ажырасып кеткенін айтып берді. Оның сөзінше, ененің араласуынан отбасы шырқы бұзылған.

«Күйеуіммен достар арқылы таныстым. Мен оны әскерден де күттім. Бәрі жақсы болды. Ата-анасымен, туыстарымен таныстырды. Қосылуымызға ешқандай кедергі болмады. Тек күйеуге шыққаннан кейін артымнан пышақ сұққандай жағдай болды. Енемнен қателік кетті. Менің баламнан бас тартты. Бір сөзбен айтқанда, үйден қуып шықты. Ол кезде күйеуім жұмыста еді. Күйеуіммен ұрысқан жоқпыз. Тату өмір сүрдік. Тек ата-енем арамызға түсті», — деді келіншек.

Бүгін Ақтөбеде Жазира секілді ажырасқан келіншектерге психологиялық көмек және алимент өндіруде ақыл-кеңес берілді. Жиынға қатысқандардың көбі — жас келіншектер.

Айта кетейік, ажырасқан әйелдерге іскер әйелдер көмектеспекші. Олар тағдыр тәлкегіне мойымаған келішектерге жұмыс беруге, балаларын балабақшаға орналастырып беруге, заң жөнінде кеңес беруге әзір.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
4
9
3
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір