RU
"Біл бала" саясатымен жүретін Қытайда үшінші сәбиге рұқсат етілуі мүмкін
Жаңалықтар Әлемде

"Біл бала" саясатымен жүретін Қытайда үшінші сәбиге рұқсат етілуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Наурызда өтетін бүкілқытайлық жиынның жыл сайынғы сессиясында қытайлық заң шығарушылар әлеуметтік реформаларды талқылауы мүмкін. Атап айтсақ, отбасында үшінші баланың болуына рұқсат беру мәселесі қозғалады деп хабарлайды Спутник Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытайда үшінші бала тууға рұқсат етілуі мүмкін

Қытайда үшінші бала тууға рұқсат етілуі мүмкін
Source: UGC

2015 жылдың күзінде Қытай билігі 1970 жылдардан бері күшінде болған "бір бала" саясатын алып тастау туралы шешім қабылдады.

Сол кезде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім халықты теңдестіріп, елдің дамуын қамтамасыз етуге сеп болады деген еді.

Бұл ұсынысты Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының өкілі, адвокат Чжу Леюй тастаған. Ол халық санына қатысты саясаттың кесірінен "Қытай – туу көрсеткіші төмен елге" айналатынына алаңдаулы.

Ал демография мәселелері саласындағы сарапшы Хуан Вэньчжэннің пікірінше, үшінші балаға рұқсат беру елдегі туу көрсекішінің төмендеуі проблемасын шешпейді.

"Қытай бала тууды жоспарлау саясатынан толығымен бас тартуы керек", — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
1
7
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel