Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ең амбициялы онлайн-кинотеатр іске қосылды

Опубликовано:

Қазақстандық кинематография мнн телеарналардың жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық. Көрермендер үшін отандық фильмдер мен сериалдар, шоулар мен мультфильмдер, сондай-ақ, қазақ және орыс тілдеріндегі отандық музыка енді қолжетімді болмақшы.

Қазақстанда ең амбициялы онлайн-кинотеатр іске қосылды
Қазақстанда ең амбициялы онлайн-кинотеатр іске қосылды: UGC

Биыл NUR.KZ №1 ақпараттық порталының құрылғанына 9 жыл толып отыр. Соған орай ақпараттық портал қазақстандық NurTV онлайн-кинотеатрын іске қосады.

Кинотеатр қызметін қолданушылар отандық туындылардың заңды контентін ноутбуктар мен компьютерлерден, тіпті ұялы телефондардан тегін көруге мүмкіндік алады.

Онлайн-кинотеатрды әзірлеушілердің мәлімдеуінше, видео-порталдың басты мақсаты – отандық туындылардан тұратын видео-контент жинақтау мен қазақ тілді мейілінше көп мөлшердегі видеожазбалар жиынтығын қалыптастыру.

Қазірдің өзінде ойын-сауықтық бағдарламалардан бастап деректі фильмдерге дейінгі жанрлардың сан-алуан түрлері ұсынылған.

Мәселен, бәрі сүйіп көретін «Күлпәштің хикаялары» атты сериалдың барлық маусымдарын көруге болады. Видео-порталға бүгінгі күні шамамен үш мың жарым бейнематериалдар жүктелген. Ол контенттің 2568 сағаты мен 107 тәулікке созылған үздіксіз каралымға тең.

Өзіңіз ойлап қараңызшы, порталда дәл қазір бар материалдарды көріп біту үшін үш айдың жүзі кетеді.

"NurTV – әр түрлі талғамдағы адамдарды біріктіретін видео-портал. Бұл тек бастамамыз ғана! 2018 жылдың соңында бұл видео-портал Қазақстандағы ең үздік онлайн-кинотеатрға айналады деп нық сеніммен айта аламыз.

Бұл ойды іске асырмас бұрын біз біріншіден отандық көрермендерге сауалнамалар жүргізіп, халық қандай жанрларды қалайтынын анықтадық. Бұл әрекеттердің барлығы NurTV халық үшін пайдалы дүние болуы үшін істелді. Жұмсалған күш пен жасалған жұмыс өз жемісін енді көреді.

Көрермен көмегімен атқарылған іс өнімді сапалы етуге өз септігін тигізеді. NurTV – көрермен қалауымен жасалған жаһандық өнім", - дейді жоба жетекшісі Айгүл Мусаипова.

Бүгінгі күні «Телехикаялар», «ТВ-ШОУ», «Балалар» атты бөлімдері қолданысқа жіберілген. Жақын арада «Фильмдер», «Жаңалықтар» мен «Музыка» бөлімдерінің ашылуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, онлайн-кинотеатр арқылы Астана, Алматы, Казахстан, ID Fashion сияқты телеарналар мен «Казахфильм» киностудиясының фильмдерін тамашалауға болады.

Ең бастысы, кино туындыларды көру үшін тіркелу мен жазылу міндетті емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719952-kazakstanda-e-ambicialy-onlajn-kinoteatr-iske-kosyldy/

pixel