RU
Жетім балаларды тегін емдеуді шетелдік дәрігерлер бірден қолдаған
Жаңалықтар Қоғам

Жетім балаларды тегін емдеуді шетелдік дәрігерлер бірден қолдаған

Рассказать Вконтакте

Астаналық дәрігердің әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы және жетім балаларға тегін ота жасау туралы бастамасына Израиль мен Германияны қоса алғанда, бірқатар шетел мамандары да қолдау білдіріп жатыр деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жетім балаларды тегін емдеуді отандық дәрігерлерден бұрын шетелдіктер қолдаған

Жетім балаларды тегін емдеуді отандық дәрігерлерден бұрын шетелдіктер қолдаған

Бұл жөнінде бүгін Мағзұм Оңғаров журналистермен өткен кездесу барысында мәлімдеді.

«Жалпы, бұл идея, бұл қозғалыс осыдан шамамен жарты жыл бұрын пайда болған еді, бәлкім одан да көп уақыт бұрын шығар. 2016 жылы мен кішкентай емделушіге көмек қолын созуым керек болды. Оның басқа қалаға барып ота жасауы үшін, яғни, тұратын орны, жол ақысы мен күнделікті тамақтануына кететін шығындар үшін қаржылық көмек көрсетуім керек болды.

Достарым, әріптестерім мен мейірімді жандардың арқасында қажетті сома жиналып, біз көмектесе алдық. Яғни, бұл эпизодты түрде болып тұрды. Осыдан кейін біраз уақыт өткенде менің көмекшілерім көшеден бетінің туа біткен ақауы бар баланы көріп қалды.

Біз пластикалық хирургия саласындағы мамандар болғандықтан, баланы, оның ата-анасын кеңесуге шақырдық. Алайда, қиындықтар туындады. Себебі, оның құжаттары, яғни, туу туралы куәлігі жоқ. Бала құжат түрінде жоқ деуге болады. Ол туған қаладағы емханада оның тіркеуге тұруы үшін көмек қолын создық. Алдағы уақытта біз баланың бетіне ота жасайтын боламыз.

Біз бар жағдайды клиника басшылығына түсіндірдік және ол өз кезегінде әлеуметтік аз қамтылған, жетім балалар үшін айына белгілі бір шекте тегін ота жасауға бізге рұқсатын берді.

Айта кету керек, ТМД елдерінен, сондай-ақ, Израиль, Германия, Италия, Швеция, Украина, Ресей, Абхазия елдерінен көптеген әріптесіміз бізбен байланысқа шығып, бізге қолдау көрсететіндерін айтуда. Бүгін Санкт-Петербургтен үш хат келіп түсті», - деген дәрігер осы мақсатта балаларға ота жасайтын бірқатар маманмен байланысып, кеңесулер жүргізілгенін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір