RU
Астанада үйде жалғыз қалған төрт жасар бала терезден құлап кете жаздады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада үйде жалғыз қалған төрт жасар бала терезден құлап кете жаздады

Рассказать Вконтакте

Елордалық құтқарушылар "Изобилие" тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатындағы пәтер терезесінен құлап кете жаздаған төрт жастағы сәбиді құтқарып алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астана

Оқиға 26 ақпанда "Изобилие" тұрғын үй кешенінде болған. Көпқабатты үйдің қасынан өтіп бара жатқан ер адам терезеде тұрған баланы көріп, құтқарушыларға хабарлапты.

Құтқарушылардың жедел әрекеті арқасында оқиға орнына дер кезінде жетіп, автобаспалдақ арқылы төрт жастағы сәбиді түсіріп алған.

Балақай үйде жалғыз қалыпты. Соған байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі департамент азаматтарды балаларын үйде жалғыс қалдырмауға шақырады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
1
4
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel